Білімді мыңды жығады!

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» және Маңғыстау облыстық спорт басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен Ақтау қаласында спорт әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы жүріп жатыр. Бұл жиынға еліміздің 10 облысы және 3 қаласынан 100-ден астам маман қатысуда. Бірінші күні Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау ортылығы директорының орынбасары Жұмажан Имаяқов әдіскерлердің лауазымдық міндеттері бойынша кіріспе дәріс оқып, жобалық тапсырмалар берді. Заңгер Бәкірова Айгүл әдіскерлердің құқықтық мәртебесі, спорт құқығы туралы жалпы ережелер тақырыбын қозғады. Курс барысында «Әдіскерлерге біліктілік санатын беру және одан бас тарту бойынша әдіскерлерге мемлекеттік қызмет көрсету шарттары», «Спорт мекемесінің жұмысын талдау» «Спортшылардың жарыстағы нәтижелерін сараптау», «Спорттық массаж жайлы жалпы түсінік» т.б. тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, соңынан әдіскерлер осы мәселелер бойынша емтихан тапсырады. Біліктілікті арттыру курсы 2-сәуірде аяқталады.